Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 9 адам эвакуацияланды

115

Құтқарушылар қызыл жалынды лезде ауыздықтады.  

Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 9 адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты,  деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген.

– Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу