Бүгін таңертең, Зачаганск елді мекенінде, Теміртау көшесінде, 5 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Суық су құбырының ағаш қорабы өртенді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, 14 адамды, оның ішінде 5 баланы, баспалдақ арқылы эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу