Оралда көпқабатты үйден өрт шықты

364

6 бала эвакуацияланды.

Оралда көпқабатты үйден өрт шықты Фото: google.com

Оқиға бүгін, 31 мамыр күні сағат 10.25-те "Құрылысшы" шағынауданында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Төртінші қабатта орналасқан балконда жеке заттар, есік, терезе жақтауы отқа оранды. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 7 адам эвакуацияланып, 2, 3, 4 және 5-қабаттан автосаты арқылы 6 бала құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. "Тілсіз жау" сағат 10-45-те оқшауланып, 11.14-те сөндірілді. БҚО ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады", деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу