Оралда көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты

591

Орал қаласы мен Ақсай қаласы орталығының көшелері мен тұрғын үй аулаларын еріген қар суы басты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Оралда көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді.

"Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды", - деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Барлық жедел ақпаратты облыстың ТЖД жедел су тасқынына қарсы штабы және Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері өңдейді.

ТЖД өкілдері су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізілетінін атап өтті.

Көшелер мен аула аумақтарында Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және ЖАО 23 бірлік техникасы жұмыс атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу