Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды

217

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада судың шапшып жатқаны анық көрінеді. 

Оралда құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды Фото: canva.com

"Батыс су арнасы" ЖШС-дан мәлім еткеніндей, оқиға 29 қараша күні сағат 19:27-де болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жаңадан салынып жатқан мешіт ауданында диаметрі 225 мм құбыр жарылған. Соның салдарынан Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлер, "Арман", "Сарытау", "Көктем", "Жақсы ауыл", "Ғалымдар ауылы" шағынаудандары сусыз қалды. Тексеру барысында өрт гидрантынан ақау шыққаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "Батыс су арнасы" ЖШС-дан 4 адам, 2 техника жұмылдырылды. Жұмысты шамамен сағат 24.00-ге дейін бітіру көзделіп отыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу