Оралда құлаған футбол қақпасының астында қалған 11 жастағы бала көз жұмды

807

Оралда үстіне футбол қақпасы құлаған 11 жасар бала ауруханада көз жұмды. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасынан хабарланды.

Оралда құлаған футбол қақпасының астында қалған 11 жастағы бала көз жұмды

Оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болған.

"Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды", - деп хабарлады ведомстводан.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу