Оралда күннен қуат алатын жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

2308

Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің металл фермасында батареялары бар 10 күн панелі орналасқан.  

Оралда күннен қуат алатын жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

"Зениттехсервис" ЖШС атап өткендей, жоба бизнестің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі аясында мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік әдісіне сәйкес жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Алмазов көшесінің қиылысында энергияның балама көздерінен жұмыс істейтін жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталуға жақын. Жоба инвестор есебінен жүзеге асырылуда, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

"Қалада 10-ға жуық қауіпті жаяу жүргіншілер өткелі бар. Олардың бірі Назарбаев даңғылы мен Алмазова көшесінің қиылысында орналасқан. Оқушылар сол жерден жиі өтеді. Сол маңда көптеген оқу орны бар. Жасөспірімдер өтетін жерге жақындап, шақыру түймесін басады. Содан кейін 10 секундтан кейін көліктер үшін қызыл бағдаршам және жаяу жүргіншілер үшін жасыл түс жанады. Түнде жаяу жүргіншілер болмаған кезде жасыл бағдаршам автомобилдерге үнемі қосылып тұрады", - деді "Зениттехсервис" ЖШС директоры Көшербай Айғожаұлы.

Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің металл фермасында батареялары бар 10 күн панелі орналасқан. Олар күндізгі уақытта энергия жинайды. Қараңғы түскеннен кейін, 20 прожектордың көмегімен жарық жанады. Күні бойына жиналған энергия шамдар мен бейнекамера жұмысына жеткілікті.

"Жаңа дизайнда жарықдиодты шамдар қолданылады. Соңғы екі жылда қалада 20 бағдаршам орнатылды. Олардың алтауы жаяу жүргіншілерді шақыратын құрылғылармен жабдықталған", - деді БҚО ДП баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Облыс орталығы жол торабының тағы 30 учаскесінде жасанды тегіссіз жерлер жасалған.   

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу