Оралда құны 5,3 млрд астам теңгеге бағаланған екі конкурстың күші жойылды

180

Жауаптыларға айыппұл салынды.

Оралда құны 5,3 млрд астам теңгеге бағаланған екі конкурстың күші жойылды Фото: canva.com

Биылғы 15 қаңтарда Орал қаласының әкімдігі жалпы сомасы 5,357 млрд теңгеге шаһардың көше-жол желісін ұстауға және санитарлық тазалауға 2 ашық конкурс жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі туралы негізсіз талап қойылып, мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзылуына және бәсекелестікті шектеуге жол берілген.

Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша конкурстардың күші жойылды.

– 2024 жылы да қаланы күтіп ұстау бойынша осындай жұмыстар талданған болатын. Монополиялық жағдай жасалынып, бір өнім берушінің 6 млрд теңгеден астам қаражатты игергені анықталды. Прокуратураның талабы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша департаментімен жүргізілген тергеп-тексеру барысында Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды. Тексеріс қорытындысына сәйкес заңнама бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым енгізіліп, аталмыш бөлім басшысына 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған еді, – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу