Оралда "Құрақ көрпе" көрмесі өтті

1131

Қолөнер шеберлері көрпелерден басқа сәндік-қолданбалы өнер туындыларын әкелді.

Оралда "Құрақ көрпе" көрмесі өтті

"Құрақ көрпе" көрмесінде облыстың 10 ауданынан келген 43 қолөнер шебері өз шығармашылығын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

Көрмедегі экспозициялар көпшілік назарын жаулады. 

Әр шебердің өз тарихы бар. Мысалы, Жәнібек ауданының тұрғыны Ұлдай Ғұмарова көрмеге шәркей, балалар костюмдері, бисерден тоқылған сөмкелер, ас үй заттарын әкелді. Қолөнерге деген ынта Ұлдайда бала күнннен басталды, ол үнемі жаңа технологияларды игеріп, киім тігудің қыр-сырын үйренді. Өз жұмыстарына материалды тігінші Алматы қаласынан алдыртады. Ұлдай Ғұмарова аудандағы Мәдениет үйіне жетекшілік етеді, өзі қолөнер үйірмесін жүргізеді.

"Әр отанасының үй шаруашысынан бір уақыт демалу үшін пайдалы ермегі болуы керек. Мұндай шаруа үйге жайлылық беріп, сәнін кіргізеді, қолөнер бұйымдары қашанда көз қуантады", – деді Жәнібек ауданынан келген қонақ.

Даражат Гиляжева көрпе тігуді интернеттен үйренген. Декреттік демалыста жүрген кезде жаңа кәсіпті игерді. Содан бері екі жыл ішінде келіншек көрпе тігудің нағыз шеберіне айналды.

Жібек Сарестекова – көрмеге келушілер арасындағы тәжірибесі бай шебер. Құрақ көрпемен соңғы сегіз жыл бойы тығыз айналысады. 2019 жылы зейнеткер "Бастау Бизнес" жобасына қатысып, грант алды. Осы қаражатқа жүн түтетін аппарат сатып алды. Көрпе тігу тұрақты табыс әкеле бастады. Жүнді тігінші ауылдастардан, матаны қаладан сатып алады. Әйелдің айтуынша, отбасылық бизнес табысты дамып келеді және қазір бизнеске басқа аудандардың туыстары тартылды.

Көрпе тігу шеберлері Облыстың іскер әйелдер кеңесіне көрме ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдіріп, іс-шараны тұрақты негізде өткізіп тұруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу