Оралда құрамында еті бар жартылай дайын өнімдерді "жалған" сертификаттау дерегі анықталды

146

Тиісті жұмысты жүргізуге мұздатылған ет құрамды жартылай фабрикаттарды бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша келіп түскен материалдар негіз болды. 

Оралда құрамында еті бар жартылай дайын өнімдерді "жалған" сертификаттау дерегі анықталды Фото: canva

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы нәтижесінде тамақ өнімдерін "жалған" сертификаттау фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті жұмысты жүргізуге мұздатылған ет құрамды жартылай фабрикаттарды бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша келіп түскен материалдар негіз болды. Өнім Беларусь Республикасының сертификаттау органында ресімделген ЕАЭО сәйкестік туралы декларациясымен бірге өткізілген.

Сәйкестікті бағалау материалдарын зерделеу барысында декларация Алматы қаласындағы аккредиттелген сынақ зертханасы берген деп көрсетілген сынақ хаттамасының негізінде қабылданғаны анықталды.

Құжаттың түпнұсқалығын тексеру мақсатында Департамент аталған зертханаға ресми сұрау жолдады. Алынған жауапқа сәйкес, бұл өнімге сынақтар зертханада жүргізілмеген, ал тиісті сынақ хаттамасы ресімделмеген және берілмеген.

Осылайша, сәйкестік туралы декларация өнімге сынақтардың нақты жүргізілгенін және оның Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін растамайтын анық емес дәлелдемелік материал негізінде тіркелген.

Материалдарды қарау нәтижелері бойынша сәйкестік туралы декларацияның Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданысын жою туралы шешім қабылданды. Ақпарат уәкілетті органға және техникалық реттеу саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жолданды.

Сәйкестікті растау және бағалау рәсімдерін жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін өнім өндіруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жағдай декларацияның тізілімде формальды түрде болуы заңнамада көзделген сынақтардың іс жүзінде өткізілгенін әрдайым білдірмейтінін көрсетеді. Сынақ хаттамаларының түпнұсқалығын және дәлелдемелік материалдардың қадағалануын тексеру "сұр" сертификаттауға қарсы іс-қимыл жасаудың және қауіпсіздігі расталмаған өнімнен нарықты қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Департамент сәйкестікті бағалау жөніндегі анық емес құжаттарды анықтау және қажетті сынақтарды нақты өткізбей декларацияларды тіркеу практикасының жолын кесу бойынша ведомствоаралық жұмысты жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу