Оралда құрылыс материалын өндіретін кәсіпорын салынады

835

Оралда құрылыс материалын өндіретін кәсіпорын салынады

Батыс Қазақстан мен Татарстан кәсіпкерлері бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды 24.kz.

Ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіп саласында, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеуде күш біріктіруге қос тарап та мүдделі. Тиісті келісімге батысқазақстандық іскер топ өкілдерінің Қазанға сапары барысында қол жетті. Келешекте Оралда көліктердің көне дөңгелектерін қайта өңдеп, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын салынбақ.

Қазақстан мен Татарстанның арасындағы сауда айналымы жылына 700 миллион АҚШ доллары болса, соның 100 миллионы Орал өңіріне тиесілі. Алайда бұрын импорттың үлесі басым боп келгені жасырын емес. Енді отандық кәсіпкерлер осы олқылықтың орнын толтырмақ ниетте.

"Ауыл шаруашылығы саласынан ұсыныс білдірдік. Алдағы уақытта жемісін көреміз деген ойдамын. Біздің негізгі мақсатымыз – екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту, Жылдық сауда айналымы 100 млн АҚШ доллары болса, соны 150 млн-ға көтеру керек", - дейді облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу