Оралда қызметкер кабинетінде өз-өзіне қол жұмсады

919

ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу)  бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оралда қызметкер кабинетінде өз-өзіне қол жұмсады

Оралда кәсіпкерлік басқармасы жетекшісінің орынбасары  Хасен Тоясов жұмыс кабинетінде өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп жазады "Мой город".

"Өлімнің себебі – механикалық тұншығу. Ешқандай жазылған хат табылған жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу)  бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді полициядан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі медсарапшылардың тексеру кезінде қинап өлтірудің белгілерін таппағанын айтады.

Әріптестері марқұмның өз саласында білікті маман, өмірде ізгі жан болғанын айтады.

30 жаста болған Хасен Тоясов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ды тәмамдаған. 2011 жылдан бері кәсіпкерлік басқармасында бас маман болып жұмыс істеген. 2018 жылдың қазанында басқарма жетекшісінің орынбасары болып тағайындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу