Оралда лагерьде баланың соққыға жығылуына байланысты тәлімгер қызметінен босатылды

189

Бала үш күн бойы таяқ жеген.

Оралда лагерьде баланың соққыға жығылуына байланысты тәлімгер қызметінен босатылды Фото: мamochki_uralsk_official

Оралда "Атамекен" қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында баланың соққыға жығылуына байланысты тәлімгер қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Баланың әкесі әлеуметтік желіде жазғанындай, 10 жасар ұлы лагерьде 5 күн болғанда, үш күн бойы таяқ жеген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған дерек 15 маусым күні Орал қаласы полиция басқармасында тіркелген.

"Соның аясында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды және жанжалдың шығу себептерін анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізді. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шығарылды. Соның қорытындысы негізінде оқиғаға заңдық баға беріледі. Тексеруді ұйымдастыру мақсатында Орал қаласы білім беру бөлімі атына ұйғарым берілді", – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО білім басқармасының нақтылауынша, кәмелетке толмағандар арасында тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізбегені үшін отряд вожатыйы мен тәрбиешіге тәртіптік шара қолданылды. Вожатый қызметінен босатылды.

Орал қаласы білім беру бөлімінің бұйрығымен қызметтік міндетін орындау барысында салғырттыққа және жазғы лагерьде ішкі тәртіп ережелерін сақтау мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кемшіліктерге жол бергені үшін "Атамекен" қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директорын міндетін атқарушы сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу