Оралда мобилизациядан қашқан Ресей азаматына босқын мәртебесі берілмеді

510

Сот арыз берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Оралда мобилизациядан қашқан Ресей азаматына босқын мәртебесі берілмеді Фото: pexels

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ресеейлік Игорь Санжиевтің ісі бойынша шешім шықты, деп жазады inbusiness.kz mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

Сот шешіміне сәйкес, Игорь Санжиевтің БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жазған талабы қанағаттандырылмады. 

"Бұл шешім бойынша 2 ай ішінде облыстық мамандандырылған ауданаралық соты арқылы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляциялық шағым түсіруге болады. Игорь Санжиевтің БҚО әкімдігіне дауласу туралы талабы қайтарылсын. Он жұмыс күні ішінде сотқа жеке шағым беруге болады", - деді судья Альбина Абдулкаримова.

Ол сот актісінің қабылдану себебін түсіндіріп өтті.

"Сот нәсіліне, ұлтына, дініне, азаматтығына, белгілі бір топқа жататындығына немесе саяси сеніміне байланысты қудалау қаупі жоқ екенін анықтады. Игорь Санжиев қандай да бір партия не діни ұйымның мүшесі емес. Бұдан бөлек оның Ресей Федерациясының билігі тарапынан қудалауға ұшырамағаны да анықталды", - деді судья.

Ақпаратқа сәйкес, арыз беруші Игорь Санджиев соттың мұндай шешім шығаруына негіз жоқ деп есептейтінін жеткізді.

"Украинада соғысудан бас тартқаным үшін Ресейде маған қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Бүгін болмаса да ертең депортацияға ұшыраймын", - деді ол.

Порталдың жазуынша, Ресей азаматы Игорь Санжиев былтыр мобилизацияға ілініп, осы жылдың наурызында әскери бөлімнен қашып кеткен. Ол шекара асып, Оралға келген. Мұнда ресейлік өзіне босқын мәртебесін беруді сұрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу