Оралда моторлы қайық шомылушыны қағып өлтірді

1496

Әйел алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды.  

Оралда моторлы қайық шомылушыны қағып өлтірді

Оралда белгісіз біреу моторлы қайықпен өзенде шомылып жүрген әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 6 маусым күні сағат 22.15-те Шаған өзенінде орын алды.

Селекционный ауылына қарай, "Достық" саяжай қоғамы жағындағы шойын көпір тұсында белгісіз біреу моторлы қайықпен суға шомылып жүрген 1979 жылғы әйелді қағып кетті. Әйел алған жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне сәйкес (өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу