Оралда мұғалім 6 сынып оқушысына қол жұмсаған

280

Тергеу басталды.

Оралда мұғалім 6 сынып оқушысына қол жұмсаған Фото: inbusiness.kz

Полиция қызметіне Орал қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 6 сынып оқушысын ұрғаны жөнінде хабарлама түседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Орал қаласының полиция басқармасының басшылығы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары барды.Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, сот-медициналық сараптама тағайындады.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 140-бабымен кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу