Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған

767

Полиция істі тергеп жатыр.

Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған

Оралда мұғалім вакцинация төлқұжатын (паспорт) қолдан жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаметінің мәліметінше, 5-15 маусым аралығында Оралдағы мектептердің бірінде 37 жастағы мұғалімнің вакцинация төлқұжатын қолдан жасау дерегі тіркелген.

"Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.

Алайда полиция бұл іске медицина қызметкелерінің қатысы бар-жоғын растаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу