Оралда мұғалімді асқан жауыздықпен өлтірген күдікті сотта ел күтпеген дерек айтты

1619

Күдікті тұратын үйден қару-жарақ пен оқтар табылған.   

Оралда мұғалімді асқан жауыздықпен өлтірген күдікті сотта ел күтпеген дерек айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау. 

Сотта айыпталушы мен марқұм әйел 2020 жылдан бері таныс екені анықталды. Надежда Темірге техника жағынан көмектесуін сұрап, танысқан. 

Сәрсенов марқұм әйелге компьютерге байланысты көмектесуге келген. Бір сәтте екеуі сөзге келіспей, ер адам мұғалімді қылғындырып, мойын тұсынан пышақтап тастаған. 

Артынша айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін мұғалімнің алтын бұйымдарын, сөмкесі, телефоны мен банк карталарын ұрлап кеткен.  

Сонымен қатар, Сәрсенов тұратын үйден қару-жарақ пен оқтар табылған.  

Айта кетейік, оқиға биыл 25 сәуірде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу