Оралда ойын баласы комаға түсті

1282

"Бала қалалық көпбейінді ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Комада. Жағдайы өте ауыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Оқиға 25 қыркүйекте болған, деп жазады inbusiness.kz. 

Оралда ойын баласы комаға түсті

Хабарламада тоғыз жасар бала У. Громова көшесіндегі аулалардың бірінде ойын алаңында құлап, жаттығу арқанына шырмалып қалғаны жазылады. Ол ауруханаға "тұншығу" диагнозымен жеткізілген. 

"Ойын алаңдарындағы балалар жарақатының негізгі себебі ата-аналардың жіті қадағаламауы", - деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу