Оралда оқушылар кварц шамынан зардап шеккен

1089

Ол сабақ кезінде қосулы қалыпты.

Оралда оқушылар кварц шамынан зардап шеккен

Орал мектебіндегі сынып кабинетінде үзіліс кезінде кварц шамын қосып, қайта ажыратуды ұмытып кеткен. Одан көз жанары зардап шеккен оқушыларға дәрігерлік көмек көрсетілді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Оқиға сенбі күні болған, сол себепті қалалық білім бөлімі оның жай-жапсарын алдағы жұмыс күндері түсіндіретінін айтқан.

Белгілі болғандай, №3 орта мектептің 6-сынып оқушылары кварц лампасы қосылып тұрған сыныпта сабақ оқыған. Мұны мектеп қызметкерлері оқушылардың көзі қызарып, қышып, мазалары кете бастаған кезде ғана біледі. 

"Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 8 бала шағымданды. Екі бала емхана дәрігерін үйіне шақырды. Балалардың көздерін жуып, арнайы сұйық дәрі тамыздық, бір тәулік жарыққа қарамауға кеңес берілді, қазіргі күні барлығы үйлерінен емделіп жатыр",- дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасынан.

Ал облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінен білгеніміз, қазіргі күні ата-аналар тарапынан мектепке ешқандай наразылық жоқ. Балалар сыныпта көп отырмаған, сол себепті аса зиян шекпеген. Айта кетейік, бұл құрылғыны бөлмені залалсыздандыру үшін пайдаланады. Алайда, ултракүлгін сәулелену ағзаға зиян болғандықтан шамды қосқан кезде адамдарды шығарып жіберіп, ажыратқаннан кейін ол жерді желдетіп алу керек. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу