Оралда өрт кезінде 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды

331

ТЖМ қызметкерлері тұрғын үйдегі өртті жедел сөндіріп, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.  

Оралда өрт кезінде 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Орал қаласындағы Самал көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ өрт сөндірушілері алтыншы қабаттағы баспалдақ алаңында жеке заттардың жанғанын анықтады. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге және тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті.

Жедел әрекет нәтижесінде бір адам құтқарылып, 15 тұрғын, оның ішінде үш бала эвакуацияланды.

Өрт қысқа уақытта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу