Оралда өрт кезінде әйел құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды

185

Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыды.

Оралда өрт кезінде әйел құтқарылып, 12 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Орал қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері әйелді құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тағы 12 адам, оның ішінде екі бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Оқиға Гагарин көшесінде болды. Өрт сөндірушілер келген кезде екінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып жатқан.

Құтқарушылар өртті 10 шаршы метр аумақта толық сөндірді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу