Оқиға Орал қаласындағы мектептің бірінде болған. 26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4-сынып оқушысын тоқтатып, педагог ретінде өзін таныстырған. Мектепте комиссия мүшелері жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін оқушыларға қайтарылатынын айтып ұялы телефонын өзіне алған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдікті ретінде 26 жастағы әйел ұсталды.
ҚР ҚК 190 бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу