Орал қалалық сотында пара алды (ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, екінші бөлігі) бойынша айыпталған полиция қызметкері Эдик Булатовқа қатысты сот процесі жалғасуда.
Орал қалалық ІІБ бастығының орынбасары өткен жылдың 4 ақпанында ұсталған болатын. Он айға созылған тергеу барысында ұсталған азамат ауруханада жатты. 2022 жылдың 30 қарашасында іс сотқа жіберілді. Ол судья Роза Сариеваның төрағалығымен қаралып жатыр.
Сот отырыстарының бірінде судья "трамадол королі" - Николай Карповтан жауап алды, ол Булатовтың оған 7 млн теңге беруді талап еткенін айтты. Сондай-ақ кедергісіз бизнесі үшін Карпов есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне айына 250 мың теңге төлеп отыруға шақырған. БҚО бойынша Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының экс-басшысы Әлішер Сары сотта Булатовтың пара алмағанын айтты.