Оралда пойыз қаққан әйел қайтыс болды

580

Әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Оралда пойыз қаққан әйел қайтыс болды

 Оралда пойыз әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем сағат 13.17-де шақырылып, бригада 13.22-де жеткен. Өкінішке қарай, жасы 50-лердегі әйел адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмыпты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу