Оралда полиция басшысы қылмыс үстінде ұсталды

5818

Бүгінде полиция қызметкері қамауда отыр.  

Оралда полиция басшысы қылмыс үстінде ұсталды

Оралда полиция департаменті басшысының орынбасары пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында пара алу кезінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Орал қаласы полиция басқармасы басшысының орынбасарын ұстады.

Бүгінде бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

"ІІМ лауазымға және атаққа қарамастан, пара алу, азаматтардың құқығын бұзуға жол берген полицейлерді анықтайды. Олардың кесірінен Қазақстан халқына қызмет ететін адал және таза полиция қызметкерлерінің атына кір келеді", – деді ІІМ ӨҚД басшысы Арман Саданов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу