Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді

88

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді Фото: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстың ашылуын жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атап айтқанда, 17 қаңтарда Оралда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп, "Беркут" арнайы жасағының күштік қолдауымен 33 жастағы азаматты ұстады.

Ұстау жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды. Анықталғандай, аталған азамат Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу