Оралда қызметтік көлікпен келе жатқан полицей кәмелеттік жасқа толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Жол апаты 5 ақпан күні кешкісін Зачаганск ауылында болды. 11 жастағы бала рұқсат етілмеген жерде жолдан жүгіріп өтпек болғанда, полицияның "Нива" көлігі қағып кетіпті. Жедел жәрдем бес минутта жетіп, баланы ауруханаға алып кетті, дәрігерлер қараған соң оқушыны үйіне қайтарған.
Орал полициясы оқиғаны растап, балаға көліктің айнасы тиіп кеткенін атап өтті. Жүргізуші рөлді шұғыл бұрып, қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып, әрі қарай жыраға түсіп кеткен. Олардың мәліметінше, "Нива" көлігіндегі полицей мас болмапты.
Жол апаты дерегі бойынша қызметтік тергеу басталды.