Оралда полиция қызметкері адам қағып кетті

672

Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша қызметтік тергеу жүргізе бастады.

Оралда полиция қызметкері адам қағып кетті

Оралда полиция капитаны адамды қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жол апаты 18 қыркүйекке қараған түні Бауыржан Момышұлы көшесінде болған. Ер адам дәрігерлер келгенге дейін сол жерде қайтыс болды.

"Бізде жедел-іздестіру іс-шаралары басталды, 345-баптың 3-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" және 347-баптың "ЖКО орнын қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, бірақ біз оны анықтап, ұстадық. Ол ішкі істер органдарының қазіргі қызметкері болып шықты", – деді Ерлан Жақсыбаев.

Полицейдің көлігі айып тұрағына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу