Оралда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді

158

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Оралда полиция қызметкері әйелді қағып өлтірді Фото: forbes.com

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні сағат 06:15-те Пугачев көшесінде болған. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегінше, ВАЗ-21703 жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен әйелді қағып кеткен.

Тұрғын алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Тәртіп сақшылары жол-көлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басылымның жазуынша, көлікті полиция қызметкері тізгіндеген. Бұл оқиғадан соң полицей ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу