Орал қаласында қаскөй пышақ сілтеп, 43 жастағы полиция қызметкерін жарақаттады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Оқыс оқиға 12 қазанда болды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Сот оған қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп атап өтті аймақтық ПД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу