Оралда сақтық шаралары қайта күшейтіліп жатыр

771

Атап айтқанда, 4 маусымнан бастап халық көп баратын қалалық мәдениет және демалыс саябағы уақытша жабылды.  

Оралда сақтық шаралары қайта күшейтіліп жатыр

Орал қаласында маусым айынан бастап бірқатар карантиндік шектеулер алынған болатын. Батыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігері Мұқамғали Арыспаев көлемі екі мың шаршы метрден асатын сауда үйлерін, қоғамдық тамақтандыру орындары мен балабақшаларды ашу жөнінде қаулы шығарған.

Алайда аймақтағы короновирусқа байланысты жағдайдың жақсармауына байланысты шектеулер қайтадан қолға алынып жатыр. Атап айтқанда, 4 маусымнан бастап халық көп баратын қалалық мәдениет және демалыс саябағы уақытша жабылды. Оның қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Жабылу себебі – келушілер мен жеке кәсіпкерлердің санитарлық талаптарды сақтамауы.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап қаладағы "Акжол-Авто" және "ПАП №1" ЖШС-ларына қарайтын №№3, 35, 10 маршрутті көліктердің де жұмысы тоқтатылған. Орал қаласы әкімдігі әлеуметтік желілерде "автобустар салонының дезинфекциялық өңдеуден дұрыс өтпегенін, санитарлық жағдайының нашарлығын және қорғаныш құралдарының болмағанын" айтып түсіндіруде.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу