Орал қаласында таяу уақытта сорғы стансасын су басатындықтан, салқын су беру тоқтатылатыны жөнінде жалған ақпарат тарап жатыр, де хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Батыс су арнасы" ЖШС-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат көптеп таралуда.
"Қазіргі таңда Орал қаласында сумен қамтуды және ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар қалыпты жұмыс істеуде. Орал қаласы 2 көзден – Жайық өзенінен және Орал жерасты су кен орнынан алынатын сумен қамтылады. Сорғы стансасы мен су тазарту құрылымдары кешені аумақтарын су басудан қорғау үшін бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді. Орал қаласы тұрғындарын дүрбелеңге салынбай, ресми ақпаратқа назар аударуын сұраймыз", - деп хабарлады ведомстводан.