Оралда сарбаз өзіне қол жұмсады

1557

Оралда Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаз өзіне оқ атқан. Оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады, –деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Оралда сарбаз өзіне қол жұмсады

Оқиға таңғы сағат 05.30-да болған. Әскерге Ақтөбе облысынан шақырылған сарбаз өзіне мылтықтан оқ атқан. Ол сол түні күзету мекемесінде қарауылда тұрған екен. Оған тез арада жедел жәрдем шақырып,  облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізгенмен, ауыр жағдайда болған әскери қызметші көп ұзамай көз жұмады. 

"Қазіргі таңда әскери тергеу орындары тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге басқа ешқандай ақпарат бере алмаймыз", – дейді 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары Жәнібек Сәрсенов. Қазіргі күні қайғылы дерекке қатысты ақпараттың барлығы тергеу құпиясы ретінде жарияланбай отыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу