Оралда шенеунік әйеліне қызметтік пәтерді сыйға тартқан

256

Әкімдік заң бұзушылықты 28 маусымда анықтаған.  

Оралда шенеунік әйеліне қызметтік пәтерді сыйға тартқан Фото: freepik

Оралда әкімдіктегі қызметкері әйеліне қызметтік пәтерді сыйға тартқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысының мәлімдеуінше, Орал қаласы әкімі аппаратының бірыңғай мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқаратын Мыңжасаров А-ның қызметтік жағдайын пайдаланып, пәтерді өзімен некеге тұрған А.Қарасаеваға бергенін көрсететін фактілер анықталды. 

Әкімдік заң бұзушылықты 28 маусымда анықтаған. Тексеру қорытындысы лауазымды тұлғаның әрекетіне тиісті құқықтық баға беру үшін Орал қаласының прокуратурасына жолданды.

"Осындай фактілерді анықтау және алдын алу үшін Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру заңдылығын тексеру үшін жұмыс тобы құрылды", – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес, мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға қызметтік міндеттерді орындауға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу