Оралда шетел азаматтары есірткі зертханасын ұйымдастырған

150

Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оралда шетел азаматтары есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: видео скриншот

Ішкі істер министрлігі қоғамда "заң мен тәртіпті" қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды. Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды. Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу