Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті

309

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.   

Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан ер адам қолға түсті Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көлікті тексеру кезінде ішінен есірткі заты салынған 75 zip-пакет орналасқан 3 ірі орама анықталды.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында дәл осындай зат салынған тағы бір пакет пен 28 zip-пакет, сондай-ақ электронды таразы, кофе тартқыш, қаптама материалдары және изолента тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 570 грамды құрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі интернет-дүкенінде "қоймашы" қызметін атқарған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу