Оралда сотталғандарға жолданған есірткі зат анықталды

377

Кинолог пен қызметтік иттің көмегімен сәлемдемеден тыйым салынған зат анықталды.  

Оралда сотталғандарға жолданған есірткі зат анықталды Фото: antikor

Орал қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру барысында сотталған азаматтарға арналған есірткі заты анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоспарлы тексеру кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы ефрейтор Аманай Бақтығалидің жетекшілігімен "Детектив" атты қызметтік ит тартылған.

Тексеру барысында ит сәлемдемелердің біріне белгі беріп, күдік туғызған. Нәтижесінде жедел-тергеу тобы шақырылып, сәлемдеме ішінен тыйым салынған зат табылған.

Табылған материал сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тексеру амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдар түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу