Оралда судьяның ұлына адам өліміне қатысты бар деген айып тағылды

298

Сот процесі жүріп жатыр.

Оралда судьяның ұлына адам өліміне қатысты бар деген айып тағылды Фото: freepik

Оралда 22 жастағы Нариман Рагуфтың өліміне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ер адамды кәмелетке толмаған Ержан Қадырбаев пен 20 жастағы Ерназ Сәтбаев аяусыз соққыға жықты деп айыпталуда, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Уральская неделя Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Екі жігітке қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" және "Адам ұрлау" баптары бойынша айып тағылды. Айыпталушы Ержан Қадырбаев судья Миржан Қадырбаевтың ұлы екені анықталды.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 13 наурызға қараған түні Нариман Рагуф досы Дархан Майемировпен бірге Шолохов көшесіндегі бардан шығып кеткен. Олардың қасына жол талғамайтын көлікпен Ержан Қадырбаев келген, жанында Ерназ Сәтбаев болған. Сәтбаев оларды пышақпен қорқытып, жігіттерді көлікке отырғызуға мәжбүрлеген. Ал салонда оларды жұдырықпен және пышақпен ұра бастаған.

Қадырбаев пен Сәтбаев оларды салоннан шығарып, тағы да ұра бастаған. Салдарынан жігіттер талып қалған. Полиция Нариманды өлі күйінде тапты.

Айта кетейік, айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу