Оралда техногендік төтенше жағдай жарияланды

464

"Мөңкеұлы" ықшамауданының тұрғындары қыркүйекке дейін ыстық сусыз қалды.  

Оралда техногендік төтенше жағдай жарияланды Фото: inbusiness.kz

Оралдағы Зачаганск кентінде қазандықтағы апатқа байланысты техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялансын, деп хабарлайды inbusiness.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

"Жайықтеплоэнерго" АҚ көмегімен апатты жойдық, бірақ №3 қазандықтың жылу желілері апатты деп танылды, техникалық қорытынды бар. Қыста Екібастұздағыдай жағдай болмас үшін қысқа мерзімде жағдайды толық қалпына келтіру керек.  Әйтпесе келесі жылыту маусымында 18 көппәтерлі үй жылусыз қалуы мүмкін.Қазір жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Менің ойымша, бюджеті шамамен 500-600 млн теңге болады. Қаржы резервтен бөлінеді", – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.

Мердігер бір көзден келісім-шарт әдісімен анықталады. Әкімдіктегі барлық жөндеу жұмыстары 15 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. "Мөңкеұлы" шағын ауданы 2010 жылы бой көтере бастады. Жылу желілері болаттан жасалған, алайда, Дүйсенғалиевтің айтуынша, жобалау кезінде су тарту жүйесі қарастырылмаған. Осының салдарынан құбырлар тот басып, тозған. Проблемалар соңғы екі жылда пайда бола бастады, өткен қыста бұл учаскедегі жылу желілерінде 50-ден астам апат болды.

Қалпына келтіру жұмыстары кезінде  18 көпқабатты үйде тұратын 3500-ден астам абонент ыстық сусыз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу