Оралда темір жол үстінен өтетін көпір қайта салынбақшы

1130

Оралда темір жол үстінен өтетін көпір қайта салынбақшы

Орал қаласында локомотив депосы маңындағы көпір бұзылуда, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Көпір құрылысы "ҚПО б.в." компаниясы есебінен жүргізілуде. Жоба құны - 2,3 млрд. теңге. Бас мердігер "КА-Строй LTD" ЖШС биылғы 1 наурызда басталған көпірді бөлшектеудің 95 пайызын атқарып бола келген. Көпір құрылысының екі жылға есептелуі осы жермен теміржолдың өтетіндігінде. Сондықтан барлық жұмысты "Қазақстан темір жолы" компаниясымен келісіп жасауға тура келеді. Көп ұзамай Орал-Астана және Орал-Алматы бағытында "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызы іске қосылған кезде жұмыс уақыты одан да қысқара түседі.

Учаске бастығы Бақыт Бектұрғановтың сөзіне қарағанда, көпірді бұзу жұмысы он күн ішінде бітпек. Жаңа көпір құрылысы үшін қазірдің өзінде темірбетон құрылымдарының 30 пайызы әкелінген, бұл жұмыс та жалғасуда. Құрылыс үшін пайдаланылатын материалдардың бәрі де - қазақстандық өнімдер. Күні бүгін мұнда 13 арнайы техника мен 39 құрылысшы жұмылдырылған.

Облыс басшысы құрылыс екі жылға жоспарланғанымен, оны ертерек аяқтау керектігін жеткізді. Өйткені көпір қала орталығында орналасқандықтан, оның ұзақ жөнделуі көлік қозғалысына қиындық келтіретіні анық. Көпірдің тірек бағаналары мен негізгі төсемдері ертерек салынса, қысқы маусымнан кейін қатқыл табанды жол тартуды да мезгілінде бастауға болады. Әрине, сапаны да естен шығармау керек.

Айта кетейік, жобаға сәйкес көпірдің ені төрт жолақты автокөлік қозғалысына лайықталып, 14 метрден 19,5 метрге дейін кеңейтіледі. Екі жағында жүргінші жолы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу