Оралда теміржол станциясының вагондар жөндейтін нысанның шатыры отқа оранды. Оқиға 5 сәуір күні түскі сағат 13.21-де болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Аумағы 150 метрді қамтыған "тілсіз жау" сағат 14.23-те оқшауланып, 14.43-те жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Ангар ішінде вагондар болған. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты іс-қимылы нәтижесінде жалын таралмай, вагондарға тиген жоқ. Алдын ала болжам бойынша от өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан шыққан. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – дейді БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу