Оралда тергеу изоляторында отырған күдікті көз жұмды

379

Марқұм 63 жаста болған.

Оралда тергеу изоляторында отырған күдікті көз жұмды Фото: freepik

Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Марқұм 63 жаста болған. Ол қамау камерасында отырған.

"Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу