28 наурыз күні кешкі уақытта қаладағы сауда үйлерінің бірінде белгісіз адамдар банк терминалының ұяшығынан 680 мың теңге ұрлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол ақшаны банкнот қабылдағышына салып, операция аяқталды деп ойлап, алыстап кеткен. Дәл осы сәтте техникалық ақау болып, күдіктілер жағдайды пайдаланып кеткен.
Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олар ұрланған ақшаны өзара бөлісіп алған. Ұсталғандардың бірі бұрын сотталғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу