Оралда төрт жыл баспанасыз жүрген 25 азаматқа үй берілді

229

Құрылыс компаниясының міндеттемелерді орындамауы салдарынан тұрғындар 2021 жылдан бері баспанасыз жүрген.    

Оралда төрт жыл баспанасыз жүрген 25 азаматқа үй берілді Фото: caravan.kz

Тұрғын үй қорын реновациялау жобасы аясында баспанасыз қалған 25 азаматқа тұрғын үй берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл мәселе прокуратураның араласуынан кейін оң шешімін тапты.

Қала прокуратурасы азаматтардың өтініштері мен ұсынылған құжаттарды зерделеп, әкімдікке тиісті ұсыну енгізді. Соның нәтижесінде 25 азамат тұрғын үй қорынан баспанамен қамтамасыз етіліп, қажетті әлеуметтік қолдау алды.

Прокуратура тұрғындарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу