Оралда тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды

686

Зейнеттегі өрт сөндіруші екі адамды өлімнен құтқарды.

Оралда тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмды

"2020 жылғы 12 желтоқсанда сағат 00.17-де 101 пультіне Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қабырғалары балшықтан тұрғызылған, төбесі екі қатар ағаш шатырмен жабылған үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенге дейін зейнеттегі өрт сөндіруші Мұрат Баев атты азамат 1977 және 2016 жылдары туған екі адамды құтқарды. Оқиға орнында улы газбен уланған екі адам да ауруханаға жеткізілді", – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрт сөндірушілер 27 литр газ баллонын алып шығып үлгеріпті.

Өкінішке қарай тағы екі адамды құтқару мүмкін болмаған. 1953 және 2012 жылдары туған екі адамның мәйіті табылған оқиға орнынан.

"Қызыл жалын сағат 01.38-де сөндірілді. Көлемі 80 шаршы метрді құрады. Қайғылы оқиғаның шығу себептері анықталуда. Өртті сөндіруге ТЖ және полиция департаменттерінің 21 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды",– дейді ТЖМ-дан.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу