Орал қаласындағы жер үйлердің бірінде қожайындарының жоқтығын пайдаланған қаскөй ұрлыққа түскен. Торы жоқ қосалқы үй-жайдың кішкентай терезесін сындырып кіру арқылы үйден 4 млн теңге мен алтын әшекейлерді ұрлап кеткен.
Орал қаласы Абай Пб полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 43 жастағы қала тұрғынын анықтап ұстады. Ол бұрын осындай іспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мүлік ішінара тәркіленді, кейбір заттарды арзан бағамен сатып үлгерген.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.