Оралдық Айару Кукузова бес жаста. Айару турникке сегіз рет тартылды. Анасы Индираның сөзіне қарағанда, қызын турникке тартылуға әкесі Азамат үйреткен. Айару сонымен қатар бимен шұғылданады. Ән де салады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме беріп.
Айта кету керек, қалада "Tartyl fest" турникке тартылудан республикалық фестиваль өтті.
Көпшілікті жеті жасар Ислам Қауыс та қатты таңғалдырды. Ол турникке 23 рет тартылды. Облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Бөкей ордасы ауданынан келген ол хабарды кештеу естіп, 15 күн ғана жаттыққан. Балақай қазақ күресінен облыстық жарыстарда жүлде алып жүр.
Фото: inform.kz