Оралда үш жас жігіт 62 жастағы тұрғынның көлігін ұрлап кеткен

371

Олар көп ұзамай қолға түсті.

Оралда үш жас жігіт 62 жастағы тұрғынның көлігін ұрлап кеткен Фото: polisia.kz

Оралдық полицейлер тұрғынға ұрланған автокөлігін “ізін суытпай” тауып берді.

10 қазан сағат 07:40 кезінде Орал қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Жамбыл көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласына тұраққа қойылған Audi автокөлігін белгісіз біреулердің айдап әкеткені туралы хабарлама түседі. Көлік жүргізушісі 62 жастағы Орал қаласының тұрғыны кешкісін жұмыстан кейін әдеттегідей көлігін өз ауласындағы автотұраққа қойғанын жеткізді.

"Хабарлама түскен бойда аталған көлікті іздеп, ұстау үшін Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік қызмет жасағына бағдар беріліп, іске кірісті. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнынан онша қашық емес жерде автокөлікті байқап, тоқтатады. Мұндай қылмысқа барған күдіктілер жасырын бақшы болған, алайда үлгермей, тез арада тәртіп сақшыларының қолына түсті", - делінген хабарламада.

Автокөлікті ұрлағандар 17, 18, 20 жастағы үш жас жігіт екені белгілі болды. Олар көліктің есігі құлыптанбағанын байқап ішіне жылыну үшін отырады, алайда тұтату кілтінің барын көріп, ойлары өзгереді.

Десе де, көп ұзамай тәртіп сақшыларының қолына түскен. Қазіргі уақытта автокөлік иесіне қайтарылып берілді. Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігіне (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу