Оралда үшемдер дүниеге келді

426

Боранғаливтер отбасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелерге Айназ, Айзада және Айдана деген есім берілді.  

Оралда үшемдер дүниеге келді Фото: inform.kz

Он шақты күн дәрігерлер бақылауында болған шақалақтардың жағдайы жақсы, деп хабарлайды inbusiness.kz БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Балалар анасымен бірге алтыншы емханаға шығарылды. Айта кеткен жөн, былтыр облыста 6116 сәби өмірге келген. Егіздер саны - 76. Сонымен қатар үш үшем де аман-есен өсіп жатыр.

"Бұдан бөлек 10-сыныпта оқитын балам мен 7-сыныпта оқитын қызым және 1-сынып оқитын балам бар. Алланың қалауымен алтауымыз енді. Үш қыз болады деп УЗИ-де айтты. Басында екеу деді, одан кейін үшеу деді. Өте қатты қуандық. Бірақ, қазақтың салтымен ешкімге айтпан жоқпыз", - дейді үшемдердің әкесі Талап Боранғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу